Президент семсерлесуден Әлем чемпионы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын Гонконгта өткен Әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы құттықтауында семсерлесушілердің ел тарихындағы тұңғыш алтын медалі спорттық шеберліктің, болаттай берік мінез бен командалық рухтың айқын көрінісі екенін атап өтті. Президент жеңімпаздар мен жаттықтырушылар құрамына Қазақстанның әлемдік аренадағы беделін арттыруға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын айтып, жаңа жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді. Айта кетсек, турнирдің финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы Украинамен кездесіп, басым түсті.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Читайте также
Все
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10
Павлодар облысында спорт кешені ашылды
24.11.2026, 17:08
«Қызылорда – Жезқазған» тасжолы ел игілігіне берілді
24.11.2026, 17:07
Ақмола облысында 2 сүт-тауарлы ферма іске қосылады
24.11.2026, 17:05
7 жылда 655 мыңнан аса грант бөлінді
24.11.2026, 17:03
Жолаушы тасымалы 2,9%-ға артты
24.11.2026, 17:01