Батагөйлер байқауы мәресіне жетті
Бата – тәлім мен тәрбиенің тіні, ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан ұлттық мұра. «Ауыл» партиясы дәстүрді дәріптеу мақсатында батагөйлер байқауын өткізді.
Қатысушылардың барлығы бұған дейін іріктеуден өтіп, ақтық кезеңге жолдама алғандар. Олар, ел мен жер, әділетті қоғам, адал азамат тақырыбын арқау етіп, жас ұрпаққа өнегелі өсиет айтты. Солардың ішінен Қонаев қаласының тұрғыны Берік Байловтың батасы үздік атанды. Жалпы аталған байқау басталғалы 900-ге тарта бата-тілектер жинақталған.
Берік Байлов, байқау жеңімпазы:
Бата деген - сонау ықылым заманнан бері келе жатқан салт-дәстүріміз. Ол біздің рухани байлығымыз. Сол себепті жүрген жерімізде бата беріп жүреміз. Өйткені, қазақ «баталы жанға бақ қонар» дейді.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Читайте также
Все
Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:12
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10
Павлодар облысында спорт кешені ашылды
24.11.2026, 17:08
«Қызылорда – Жезқазған» тасжолы ел игілігіне берілді
24.11.2026, 17:07