Атырауда 7 жастағы оқушыны көлік қағып кетті
Атырауда жаяу жолдан өтіп бара жатқан 7 жасар оқушыны көлік қағып кетті. Жедел жәрдем келгенше бүлдіршін көз жұмды. Полиция департаментінің мәліметінше оқиға бүгін таңертең 7:45 шамасында болған. Қазір 1974 жылы туған жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.
Мейірім Ердәулет, облыстық ПД баспасөз хатшысы:
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде. ПД жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдерінде жылдамдықты төмендетіп, аса мұқият болуға шақырады. Ата-аналарға балалардың жолдағы қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Читайте также
ВсеЕл тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10
Павлодар облысында спорт кешені ашылды
24.11.2026, 17:08