Жұмыспен қамтуда жасанды интеллект қолданылады
Биылдан бастап зейнетақы төлемдері, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, қандас мәртебесін беру және жұмыспен қамту шаралары жасанды интеллект арқылы жасалады. Атап өтетін жайт, ақылды жүйе қабылдаған шешімдер тек ұсынымдық сипатта ғана болады. Мәселен, енді жұмыс орындары әр азаматтың қабілетіне қарай автоматты түрде беріледі. Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек жүйесінде де жасанды интеллект қолданылып жатыр. Айталық, 2023 жылы көмекке мұқтаж отбасының саны 114 мың болса, қазір, 30 мыңның шамасында.
Бахтияр Жазықпаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
Бұл динамика мұқтаждықты анықтау дәлдігінің артуымен және негізсіз тағайындауларды болдырмаумен байланысты болып отыр. Бүгінгі күні өтініш берушілердің материалдық жағдайын тексеру автоматтандырылған. Жаңа жүйе арқылы 48 мыңдай өтінім өңделді.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Читайте также
ВсеЕл тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10
Павлодар облысында спорт кешені ашылды
24.11.2026, 17:08