Мажарстан Парламентінің депутаты референдум жайлы пікір білдірді
«Жаңа Конституция жобасын әзірлеу үшін қызу қоғамдық пікірталас жүргізіп, халықтың пікірімен санасу-ел дамуының, ұлттың жаңғыруының белгісі». Мажарстан мемлекеттік жиналысының вице-спикері Лайош Олах осылай дейді. Саясаткер елдегі Конституциялық реформа өз жемісін береді деген сенімде.
Лайош Олах, Мажарстан мемлекеттік жиналысының вице-спикері, Мажарстан-Қазақстан Парламентаралық достық тобы төрағасының орынбасары:
Жаңа Конституцияны қабылдау мақсатында референдум өткізу - ұлттың жаңғыруының белгісі. Жаңа Конституция жобасына қатысты бірнеше мың ұсыныс түскенін аңғардым. Саясаткерлермен, саяси партиялармен кең ауқымды талқылаулар жүргізілген. Азаматтық қоғам өкілдерінің де белсенді қатысуы - маңызды қадам болды. Өйткені ұзақмерзімге қызмет ететін Конституцияны қабылдау бүкіл халықтың ортақ ісі.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Читайте также
ВсеЕл тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10
Павлодар облысында спорт кешені ашылды
24.11.2026, 17:08