Е.Бөкетовтың есімі Кембриджде ұлықталды
Евней Бөкетовтың 100 жылдығы Ұлыбританияда атап өтілді. Ғалымның мерейтойына арналған іс-шара Кембридж университетінде ұйымдастырылды.
Евней Арыстанұлы есімінің әлемге әйгілі жоғарғы оқу орнында ұлықталуының мәні зор. Өйткені ол Қазақстан үшін ғана емес, жаһандық ғылымның дамуына үлес қосқан. Жиында Британ ғалымдары, дипломаттар және академиктің отбасы мүшелері сөз алып, Бөкетовтың металлургия, химия, тау-кен өндірісіндегі еңбектеріне тоқталды. Сирек жер металдарының бәсі биік болып тұрған заманда академиктің ашқан ғылыми жаңалықтары өте өзекті, дейді мамандар.
Сидхард Саксена, Кембридж университетінің профессоры:
Бөкетов жер қойнауынан материалдар өндіріп, экономика үшін пайдалы өнімдерге айналдыру тәсілдерін әзірледі. Маңыздысы - олар қазір медициналық диагностиканы, дәлірек көліктің жұмысын сенімдірек етуге және электрониканың тиімділігін арттыруға септігін тигізіп жатыр.
Автор
Марина Бекенова
Читайте также
Все
Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10
Павлодар облысында спорт кешені ашылды
24.11.2026, 17:08
«Қызылорда – Жезқазған» тасжолы ел игілігіне берілді
24.11.2026, 17:07
Ақмола облысында 2 сүт-тауарлы ферма іске қосылады
24.11.2026, 17:05