Қ. Тоқаев «Орталық Азия - АҚШ» саммитіне шақырғаны үшін АҚШ Президенті Д. Трампқа алғыс білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қараша күні Вашингтонда өтетін Орталық Азия – АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін Президент Дональд Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады, - деп хабарлады Aqorda Telegram-арнасы.
Одан әрі: «Мемлекет басшысы аталған бастама дер кезінде көтеріліп отыр деп санайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі мақсаттарын, атап айтқанда, ақыл-парасатқа негізделген дәстүрлі құндылықтарға беріктігін, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға ұмтылысын қолдайды», - деп жазылған.
Автор
Жайна Сламбек
Читайте также
ВсеЕл тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10
Павлодар облысында спорт кешені ашылды
24.11.2026, 17:08