Үздік экологиялық жарнама авторлары марапатталды
Қостанай облысының Тобыл қаласында үздік экологиялық жарнама авторлары марапатталды. Бұл конкурс «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған. Қазан айының ортасында жарияланған сайысқа 10 адам қатысты. Олардың бәрі Тобыл қаласындағы мектептердің жоғары сынып оқушылары. Жасөспірімдер конкурсқа ұсынған дүниелерін инфографика, бейнеролик, сурет түрінде дайындаған. Негізгі тақырып қоқысты дұрыс сұрыптау, қайта өңдеу мен еліміздегі экологиялық проблемаларды қамтиды.
Ева Прудникова, конкурсқа қатысушы:
Басты проблема - бұл қоқыс. Біз қоқысты сұрыптаймыз және замандастарымызға оның қаншалықты маңызды екенін жеткіземіз. Сұрыптау арқылы қайта өңдеу жұмысы жанданады. Ал ол экологияны сақтаудың бірден бір жолы.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Читайте также
Все
Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:12
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10
Павлодар облысында спорт кешені ашылды
24.11.2026, 17:08
«Қызылорда – Жезқазған» тасжолы ел игілігіне берілді
24.11.2026, 17:07