Қостанай облысында мектеп ғимаратының қабырғасы құлады
Қостанай облысындағы Новонежин ауылында мектеп ғимаратының қабырғасы құлады. Үшінші қабаттағы қабырғаның бір бөлігі опырылып түскен. Куәгерлердің айтуынша ешкім зардап шеккен жоқ. Бұған оқыс оқиғаның демалыс күні болуы да себеп. Білім ордасында маусым айында басталған жөндеу жұмысы әлі жүріп жатыр. Мердігер кәсіпорын мойнына алған міндетін мерзімінде орындамаған.
Соның салдарынан оқушылар құрылыс басында білім алуға мәжбүр. Ата-аналар бұған дейін бірнеше рет балалардың қауіпсіздігі үшін сабақты онлайн форматқа көшіруді сұраған. Шенділер олардың бұл өтінішін осы уақытқа дейін жауапсыз қалдырып келген еді. Енді қашықтан оқытуға көшіреміз, деп отыр
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Читайте также
ВсеЕл тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10
Павлодар облысында спорт кешені ашылды
24.11.2026, 17:08