Израиль мен Хамас арасында уақытша бітім ертеңге қалдырылды
Израиль мен Хамас арасында уақытша бітім ертеңге қалдырылды. Оған сай кепілдегілерді босату және Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізу де жұма күні басталады. Атысты тоқтату неліктен кейінге қалғаны белгісіз. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Хамас тобы келісімді бекітпеген сыңайлы. Ал тағы бір ақпаратқа сай, қарулы топ Израильге кепілден босатылатын азаматтардың тізімін бермеген болуы мүмкін. Израиль мен Хамас бұған дейін атысты төрт күнге тоқтату туралы келісімге келгені хабарланған еді. Уақытша тыныштық режимі төрт күннен де көп уақытқа созылуы мүмкін. Себебі әр оныншы адам босатылғаннан кейін оқ атпау режимі бір күнге ұзартылып отырады.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Депутат: Трайбализмді тоқтату керек
25.11.2026, 14:13
Үш держава арасында ғарыш үшін бәсеке күшейіп келеді
25.11.2026, 14:07
Кәсіпкерлердің 71 млрд теңгесі қорғалды
25.11.2026, 14:05
«Жібек жолы» кеден бекеті қайта ашылды
25.11.2026, 14:03
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының топ-менеджері ұсталды
25.11.2026, 14:02
«Халықтық құрылыс»: 67 адам енген комиссия құрамы бекітілді
25.11.2026, 14:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13