Үндістанда үкіметке қарсы шеру кезінде бірнеше адам қаза тапты
Үндістанда азаматтық туралы заңға қарсы шерулер жалғасып жатыр. Бүгін елдің оңтүстігіндегі Хайдарабад және Бенгалури қалаларында сан мың адам көшеге шықты. Ал жексенбіде мұндай акциялар бүкіл елде өткен.
Жаңа заңға сәйкес, Ауғанстан, Бангладеш, Пәкістан тәрізді мұсылман елдерінен келген өзге дін өкілдеріне ғана азаматтық берілмек. Алайда, көптеген үндістандықтардың пікірінше, бұндай ереже мұсылмандардың құқығын таптап, елдің зайырлы конституциясына қайшы келеді. Билік болса, барлық азаматтарды дініне қарамай тең қорғайтынын мәлімдеп отыр.
Демонстрациялар кейбір жерлерде қақтығыстарға ұласып, соңғы он күнде 21 адам мерт болды және мың жарымнан астам тұтқындалған.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Тазалық – мәдениет белгісі
26.11.2026, 17:25
Ақмола облысында кітапқұмар жастар көбейіп келеді
26.11.2026, 17:24
Қазақ ертегілері француз, нидерланд тілінде жарық көрді
26.11.2026, 17:22
Ресейде егін түсімі азайып, азық-түлік қымбаттады
26.11.2026, 17:20
Адал еңбектің түбі – жеңіс
26.11.2026, 17:17
«Халыққа жақын»: Қарашаның талап-тілегін тыңдады
26.11.2026, 17:15
«Мәдениеттер диалогы – 2026» II халықаралық симпозиумы өтті
26.11.2026, 17:13
Ақмола облысының мектептерінде құқықтану дәрісі көбейді
26.11.2026, 17:10