Ақын Жүрсін Ерманның палуандарға берген батасы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Жүрсін Ерманның палуандарға берген батасы (ВИДЕО)

04.07.2015
Ақын Жүрсін Ерманның палуандарға берген батасы (ВИДЕО)

Батырлары қазақтың

Жолыңды Құдай оңдасын!

Қажымұқан бабамның

Әруағы жар болып,

Қыдыр болсын жолдасың!
 

Қараулық жасау болмасын,

Әділет болсын жолдасың!

Мерейлерің үстем боп,

Көк байрақ Көкте самғасын!

 

Білектерің талмасын,

Жүректе от лауласын!

Шын таланттар әдістің

Қолдансын барлық айласын.

Атақ, абырой, даңқ,

Шын мықтыға таңдалсын!

«Жарайсың, батырларым!» деп

Арқаңнан қақсын Елбасым!

Хабарламаларға жазылу