Алматыда «Bala Turkvizion» байқауының іріктеуі өтетін күн белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Bala Turkvizion» байқауының іріктеуі өтетін күн белгілі болды

03.07.2015
Алматыда «Bala Turkvizion» байқауының іріктеуі өтетін күн белгілі болды

8 шілде күні Алматы қаласында Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Bala Turkvizion Қазақстан» Халықаралық балалар әні байқауының Ұлттық іріктеу кезеңі өтеді.

Жартылай финал қатысушысын «Орда» тобының әншісі Ерболат Беделхан, Есболат Беделхан және продюсер Сұлтана Қаражігітовамен бірге анықтайды. Сондай-ақ, шараға жоба жанашыры Әлия Назарбаева арнайы келеді деп күтілуде.

Айта кетейік, кастингке 8-13 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Іріктеуден өткен өнерпаз жартылай финалға жолдама алады.

Бұған дейін байқаудың аймақтық іріктеу кезеңдері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында өткен. 

Хабарламаларға жазылу