«ALMATY CIRCUS » халықаралық фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ALMATY CIRCUS » халықаралық фестивалі басталды

28.07.2023

Германия, Ұлыбритания, Чехия мен Эфиопия сынды 15 елден келген цирк өнерпаздары 1 ай бойы алматылықтарға ерекше қойылымдар ұсынбақ.

«ALMATY CIRCUS» халықаралық фестивалі басталды. Онда жер жаһанды мойындатқан 80-нен астам өнерпаз үздік туындыларын көрсетеді. Арасында Netflix, HBO жобаларының қатысушылары, каскадерлік өнердің әлемдік жұлдызы саналатын теңдесі жоқ отандық «Nomad» тобы да бар. Айта кету керек, мұндай ауқымды шара Алматы циркінде алғаш рет өтіп отыр. Ұйымдастырушылардың сөзінше, фестиваль шахарды әлем жұртына танытуға, өнерімізді дүниежүзілік деңгейде насихаттауға сеп болады.

Мақсат Жайықов, Қазақ мемлекеттік циркінің директоры:

Біздің осындай әсем қаламыз, табиғатымыз бәрі бар. Бірақ, оны көбісі біле бермейді. Сол қаланы, осы біздің циркті мәдениет арқылы әлемде шегелеп өзіндік орны болатындай болуы керек. «Almaty circus festival» дегенде басқалар біз барайықшы, біз барайықшы деп жан таласып, осыған қызығушыларды арттыру керек.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу