Әйел «билеген» көлік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйел «билеген» көлік

29.06.2015
Әйел «билеген» көлік

Қазіргі таңда көлік тізгіндеген әйелдердің қатары көбейген. Қыз-келіншектердің көшеде емес, көлікте кетіп бара жатқаны қызығарлықтай. Себебі, заманауи болу – бүгінгінің басты талабы.

Бірақ, әйелдер  мінген көліктер апатқа жиі ұшырап жатады. Қазақстанда көлік мінген келіншектер бір айда 14 баланы қағып, үшеуін мерт еткен. Суық статистика. Оның себебі неде?

Мамандар әйелдердің жол ережесіне бағынбай, қалаған уақытында ескертпестен, оңға немесе  солға қарай бұрылып, жүре беретінін айтады.  Себебі, олар жүргізуші курсынан толығымен өтпестен, куәлік алады.

Бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» осы мәселе төңірегінде әңгіме өрбітпек.

Хабарламаларға жазылу