Нұр-Сұлтанда 37 жастағы әйел тротуарда тұрған бала мен екі адамды қағып кетті

28.09.2020
Нұр-Сұлтанда 37 жастағы әйел тротуарда тұрған бала мен екі адамды қағып кетті

Жексенбі, 27 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласында 37 жастағы әйел адам бағдаршамның жасыл түсін күтіп тұрған бір бала мен екі ересек адамды қағып кетті. Қалалық ішкі істер департаменті хабарлағандай, әйел адам көліктің руліне ие бола алмай қалған. 

«27 қыркүйек күні, сағат 15.19-да «КИА» маркалы көлік иесі, 37 жастағы әйел адам Жұмабаев даңғылы мен Қошқарбаев көшесінің қиылысында, тротуарда тұрған үш адамды қағып кеткен. Артынан темір қашаға соғылды. Көлік 59 жастағы әйелді, 33 жастағы ер адам мен 4 жасар баланы соққан, оларды жедел жәрдем ауруханаға жеткізді. Баланың денсаулығы жақсы болған соң, дәрігерлер оны үйіне босатқан», - деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі. 

Қазір жүргізуші тергеліп жатыр. ІІД мәліметіне сүйенсек, ол ішімдік ішпеген. 




Хабарламаларға жазылу