Сиднейде спорттық көлік сынып бөлмесіне кіріп кетіп  2 оқушы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сиднейде спорттық көлік сынып бөлмесіне кіріп кетіп  2 оқушы қаза тапты

07.11.2017

Австралияның Сидней қаласындағы мектепте қайғылы оқиға болды. Әйел адам спорттық көлігімен сынып бөлмесіне кіріп кетіп, 2 ұл қаза тапты. Тағы 3 оқушы ауруханада жатыр. Бұдан бөлек, 16 бала мен олардың мұғалімі жеңіл-желпі жараланып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Мектептің ағаш қабырғасын бұзған көлік жүргізушісі – 54 жастағы әйел. Оның мұндай апатқа неліктен жол бергені қазір тексеріліп жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу