AAAS Kavli Science Journalism Awards жүлдесі үшін журналистер арасында байқау жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

AAAS Kavli Science Journalism Awards жүлдесі үшін журналистер арасында байқау жарияланды

21.06.2015
AAAS Kavli Science Journalism Awards жүлдесі үшін журналистер арасында байқау жарияланды

Кавли қоры ұсынатын AAAS Kavli Science Journalism Awards жүлдесі  ғылым, техника және математика  тақырыптарын жазатын журналистерге беріледі. Биылғы байқауда қатысушылардың барлық санат бойынша дайындаған жұмыстары қабылданады, деп хабарлайды ijnet.org.

Сайыс аталымдары: газет, журнал, телеарна (спорт жаңалықтары мен хабарлар), телеарна (арнайы ғылыми хабарлар), радио, сайт және балаларға арналған бағдарламалар мен басылымдар.

Жұмыстар 2014 жылдың 1 шілдесінен  2015 жылдың 15 шілдесіне дейін жариялануы  немесе  эфирге шығуы тиіс. Өзге тілдегі жұмыстардың ағылшын тіліндегі аудармасы болуы керек.

Әр аталымға екі марапат беріледі: алтын жүлде - 5 000 АҚШ доллары және күміс жүлде  - 3 500 АҚШ доллары. Сондай-ақ, жеңімпаздарға 2016 жылы Вашингтонда өтетін марапаттау рәсіміне қатысуы үшін жолақы шығыны төленеді.

Өтініштер 1 тамызға дейін қабылданады.

 

ФОТО: www.vezha.org

Хабарламаларға жазылу