«Келбетте» - Саят Мерекеұлы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Келбетте» - Саят Мерекеұлы

21.06.2015
«Келбетте» - Саят Мерекеұлы

Саят Мерекеұлының сахнаға деген құштарлығы бала кезі­нен басталған. Мектеп қабырға­сын­ан-ақ көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, өлең айтып, сырнайда ойнайтын жас актер болуға бар ынтасымен беріледі. Алайда, әкесі қарсы болып: «Тұқым­да жоқ нәрсені қайдан шығардың, балам. Өзім сияқты ұстаз бол. Бала оқыт», дегенді айтады.

Сонда да арманына адал жас, айтқанынан қайтпайды. Актердің алғашқы ойнаған қойылымы – «Боз төбеде бір қыз бар» туындысы. Актер: «Жү­сіпбек Аймауытов, Абай, Қарабай, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов сияқты образдарды сомдау – маңдайыма жа­зылған бақыт деп білемін...»,-дейді.

Бүгін 13:45-те «Келбет» бағдарламасын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу