«Қара шаңырақ». Ұлттық арнада отандық телехикаяның тұсаукесері! (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қара шаңырақ». Ұлттық арнада отандық телехикаяның тұсаукесері! (ФОТО)

18.08.2014
«Қара шаңырақ». Ұлттық арнада отандық телехикаяның тұсаукесері! (ФОТО)

25 тамызда  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында   «Қара шаңырақ» атты отандық телехикаяның тұсаукесері. 

Әлеуметтік-идеологиялық бағыттағы туынды туған ел мен қара шаңырақты сүйіп, ата дәстүрді құрметтеуге, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге шақырады.

Сонымен қатар, бұл телехикаяда  туған-туыс арасындағы қарым-қатынас мәселелері сөз болады. Мұнда махаббат та, зұлымдық та, опасыздық та, үрей мен қайсарлық, сенім мен үміт, адалдық пен тазалық та бар.

Басты кейіпкерлер -  қара­пай­ым отба­сын­да өскен үш ағай­ынды жігіт. Үшеуі­н де әу баста ата-аналары жақсы тәрбиеге баулыған. Бірақ, түскен орталары, жүрген ай­наласы басқа.

«Қара шаңырақ» картинасының сюжетінің негізінде ағайынды үш бауырдың тағдыры, олардың таңдаған өмір жолдары жатыр.

Үлкені Әлішер – беделді топ-менеджер, бизнесмен. Алайда, жеке өмірінде түрлі мәселелерге тап болады. Ортаншысы Дәулет - бұрынғы спортшы, қазіргі уақытта бапкер. Жас әнші Линдамен кездесуінен кейін ол жеткен жетістігінде тоқтап қалмай, алға ұмытала беру қажеттігін түсінеді.

Кенже бауырлары Мәди  әкесінің ісін жалғастырушы – шаруа қожайыны. Ол ата-анасының қамқорлығынан шығып, өз өмірінің иесі болуға талпынады.

Әлішердің рөлін М.Әуезов театрының актері Азамат Сатыбалды, Дәулеттің рөлін - Әділ Ахметов, Мәдидің рөлін Дәурен Серғазин сомдайды

Сонымен қатар,  рөлдерде Бақытжан Әлпейісов, Болат Әбділманов, рок-әнші Әсем Көпбаева, Игорь Личадеев, Оксана Бойченко, сондай-ақ, «Ағайындылар» телехикаясы арқылы танымал Саят Мерекеұлы ойнайтын болады.

Телехикая Алматы, Астана, Көкшетау және Қарағанды қалаларында түсірілген.  

Сериал Ұлттық арна эфирінен дүйсенбі мен жұма аралығында, сағат 19.30-да көрсетілетін болады.

Хабарламаларға жазылу