Қазақстанның электрондық үкімет порталы жылжымайтын мүлікке техникалық паспортты алу процесін оңтайландырды, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.
Енді пайдаланушыларда eGov.kz порталында қызметке онлайн тіркелу мүмкіндігі пайда болды. Бұдан бөлек, дайын құжатты бұрынғыдай Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтан емес, Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуға болады.
Оңтайландырудан кейін eGov пайдаланушысы электрондық өтінімді берген кезде барлық қажетті жолдарды толтырады, жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжатты тіркейді және қызметтің аванстық құнын төлейді.
Сұрау салу бұдан әрі Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталыққа түседі, онда техникалық паспорт дайындалады да пайдаланушыға қалған ақы сомасы жіберіледі.
Қалған ақы төленгеннен кейін пайдаланушының жеке кабинетіне дайын техникалық паспортты алуға болатын ХҚКО атауы көрсетілген хабарлама түседі.
Бұл жұмыс азаматтарға қызметтер көрсету кезінде уақытты және қадамдарды қысқартуды ұсынады
Айта кетейік, бүгінгі күні электрондық үкімет қызметі арқылы 2500-ден астам түрлі құжаттарды қысқартуға мүмкіндік туды.