Мүлікті мерзімінде тіркемегендерге айыппұл салынбайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүлікті мерзімінде тіркемегендерге айыппұл салынбайды

14.01.2021

Жылжымайтын мүлікті уақытында тіркемеген азаматтар бұдан былай әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, ешқандай айыппұл төлемейді. Сенат салаға қатысты ережеге өзгеріс енгізу туралы заңды бүгін қабылдады. Сонымен бірге, жылжымайтын мүлікке қатысты барлық ақпаратты заңгерлер, сот орындаушылар, нотариустар, мемлекеттік кіріс органдары «электрондық үкімет» порталынан алады. Бұрын бұл іс бюрократияға байланып, тұрғын үй мен қандай да бір нысанға қатысты мәлімет алу біраз уақыт алатын. Заңға енгізілген өзгерістер құжат алудың жолын жеңілдетеді, дейді депутаттар.   

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Заң меншік иелерінің бұзылған жылжымайтын мүлік нысандарына құқықты тоқтату тетіктерін бекітуге, соған байланысты мемлекеттік және жергілікті органдардың құзыретін белгілеуге бағытталған.  

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу