«Сенбілік кездесуде» - Әкім Тарази - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік кездесуде» - Әкім Тарази

20.06.2015
«Сенбілік кездесуде» - Әкім Тарази

Бүгінде туындылары театрда жиі сахналанып жүрген драматург, қазақ оқырмандарының ғана емес, шығармалары шетелдіктердің де сұранысына ие көрнекті жазушы, қарымды қаламгерлердің бірі – Әкім Тарази.

Әдебиетке өз соқпағын сала келген қаламгер небір терең ойлы, тағылымды әңгіме, хикаят, роман, пьесалар жазды. Ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын өз стилін қалыптастырды.

Ол – ақиқатты ашық айтудан айнымаған, жалтақтауды білмейтін, шығармашылық өнерге аса жауапкершілікпен қарайтын дара суреткер.

«Әдебиеттің де, өнердің де мақсаты – бір. Адамның жан дүниесін тазарту, эстетикалық тәрбие беру. Бірнеше кино көрсең, келесі жаңасы шыққанда ол ұмытылып қалуы мүмкін. Ал, бір роман оқып шықсаң, ол – өмірлік азығың. Бұл кино өнерін төмендету өмес, адам санасы сөзбен қалыптасатынының дәлелі»,- дейді Әкім Тарази. 

Жазушының шығармашылық жолы туралы білгілеріңіз келсе,  бүгін сағат 21:00-де «Сенбілік кездесуді» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу