Алматыда «Жаңа Жібек жолы - тұрақты даму және жалпы өркендеу» атты халықаралық симпозиум өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Жаңа Жібек жолы - тұрақты даму және жалпы өркендеу» атты халықаралық симпозиум өтеді

17.06.2015
Алматыда «Жаңа Жібек жолы - тұрақты даму және жалпы өркендеу» атты халықаралық симпозиум өтеді

Бүгін, 17 маусым, сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Мәжіліс залында «Жаңа Жібек жолы - тұрақты даму және жалпы өркендеу» атты халықаралық симпозиумның ашылуы өтеді.

Оған халықаралық ұйымдардың және дипломатиялық миссиялардың өкілдері, көрнекті ғалымдар, сарапшылар мен кәсіпкерлер қатыспақ.

Симпозиум жұмысы «Нұрлы жол» бағдарламасы - болашаққа бастар жол», «Жібек жолының экономикалық аймағы: экономикалық және саяси тұрақтылық кепілі және жаһандық қауіпсіздік», «Ұлы Жібек жолы: тарих, мәдениет, білім, рухани мұра» тақырыптары бойынша өтеді.

Шараны ұйымдастырушылар - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қаласындағы ҚХР Консулдығы, Сыртқы істер, Білім және ғылым министрліктері.

 

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу