«Жасыл» технологиялар - болашақтың жобасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жасыл» технологиялар - болашақтың жобасы

24.07.2017

Алматыда «ЭКСПО» көрмесіне арналған «Жасыл технологиялар: Қазақстан мен Орталық Азия Ұлы Жібек жолы бойында» атты халықаралық жиын өтіп жатыр. Аталған шараға бірнеше шетелдік ірі оқу орнының жетекшілері мен отандық ғалымдардың дәрісін тыңдауға келген студенттер қатысуда. Осы алқалы басқосудың алғашқы күнінде Жаңа Жібек жолы университеттері Альянсінің IT-технопаркін құру мәселелері көтерілді.

Сондай-ақ, қазақстандық білім алаңдарын қолданып, онлайн курстарды бірлесіп жүргізу ісі пысықталды. Сондықтан, Ұлыбритания, Түркия, Мысыр және ТМД елдерінен келген 50 өкіл өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісуде. 

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу