«Алау» мұз айдынында ІІ «Astana cup - 2015» үстел теннисі марафоны өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алау» мұз айдынында ІІ «Astana cup - 2015» үстел теннисі марафоны өтеді

13.06.2015
«Алау» мұз айдынында ІІ «Astana cup - 2015» үстел теннисі марафоны өтеді

Биылғы турнирдің форматы біраз өзгерген. Жарыс Олимпиадалық жүйемен өткізілмек. Турнирдің басты шарты қатысушы әуесқой болуы қажет. Сондай-ақ, ресми турнирлер мен чемпионаттарға қатыспауы керек.

Бірінші алдын-ала раунд өткізіліп, үміткерлер топтарға бөлінеді. Келесі кезеңнен бастап қатысушылар әр жеңісі үшін сыйлық қорының бір бөлігін алып отырады. Марафон регламенті мен қатысуға өтініштер «Алау» мұз айдыны сарайының сайтында (www.alau.info) жарияланған.

Турнир 28 маусымда өтеді.

Хабарламаларға жазылу