Алматыда «Springer» баспасының қазақстандық авторларын марапаттау шарасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Springer» баспасының қазақстандық авторларын марапаттау шарасы өтеді

12.06.2015
Алматыда «Springer» баспасының қазақстандық авторларын марапаттау шарасы өтеді

12 маусым күні Алматыда «Springer» баспасы және «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Springer» журналдарында мақалалары жарық көрген және материалдары дәйексөз ретінде көбірек қолданылған қазақстандық авторларды марапаттау шарасы өтпек. 

«Springer»-дің рейтингтік басылымдарында қазақстандық авторлардың 47 мақаласы басылған. Олардың 11-і биылғы жылы жарық көрген.  

Шара авторларға арналған «Рейтингтік журналдарда мақаланы жариялау жолдары» атты семинар аясында ұйымдастырылмақ.  

Айта кетейік, қазақстандықтар арасында танымал халықаралық баспа журналдарына ең көп мақала ұсынған автор - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Рәтбай Мырзақұлов.

Жиынға компания басшылығы мен «Springer» баспасы журналдарының жетекші редакторлары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысады.

Басталуы: сағат 09.30.  

Хабарламаларға жазылу