Сұлтанәлі Балғабаев: Жырақтағы ағайындар елге келу жолын анық білмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сұлтанәлі Балғабаев: Жырақтағы ағайындар елге келу жолын анық білмейді

11.06.2015
Сұлтанәлі Балғабаев: Жырақтағы ағайындар елге келу жолын анық білмейді

«Ұзақ жыл театрда драматургия саласында қызмет еттім. Мені әдебиетке жетелеп алып келген сол жылдардағы Жазушылар одағының төрағасы Қалдарбек Найманбаев деген азамат еді. Ол кісі оқып жүрген кезімде-ақ «Білім және еңбекке» қызметке алған.

Содан 1991 жылдың күзінде ол кісіге сәлем бере келсем: «Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өткізілетін болды. Сен соның ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы боласың»,-деді. Осылайша, 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы құрылды. Содан бері қауымдастық төрағасының орынбасары қызметін атқарып келемін»,-дейді жазушы.

«Бұл – шетелдегі қазақтармен мәдени, руһани байланыс жасайтын ұйым. Қазақстанның Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең үлкен жетістігі – шетелдегі ағайындарды атажұртқа оралту. Бұл жолда Елбасының еңбегі ұшан-теңіз. Өйткені, көршілес республикалардың ешқайсысы бұл мәселені қолға алған жоқ».

«Соңғы кездері  шетелдегі қандастардың елге оралуы азайды. Оның бірнеше себебі бар. Мен оны соңғы 4-5 жылда айтып та, жазып та келемін.  Басты мәселе, жырақтағы ағайындар елге келу жолын анық білмейді. Бала-шағасын ертіп алып, шекарадан өтіп кетеді. Содан барып түрлі мәселелер туындайды. Сол себепті бұл жөнінде барынша насихат жасау керек».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу