«Сәнді» диета асқазан мен бүйрекке зиянын тигізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сәнді» диета асқазан мен бүйрекке зиянын тигізеді

06.06.2015
«Сәнді» диета асқазан мен бүйрекке зиянын тигізеді

Диета – салауатты өмір салты. «Алайда, соңғы кезде сәнге айналған ақуыздар диетасы адам денсаулығына зиянын тигізеді. Әсіресе, бүйрек ауруларын тудырады», - дейді диетолог Екатерина Белова.

Маманның айтуынша, ақуыз диетасын ұстау әрқашан көмектесе бермейді. Егер адам жүйелі түрде осы әдіс арқылы артық салмақ тастайтын болса, уақыт өте келе ол өз күшін жояды. Ақуыздың ыдырау салдарынан бүйрек ұлпасы зақымдануы мүмкін.

Жедел салмақ тастау да - адам денсаулығына зиян. Дұрыс тамақтану – салауатты өмір салтымен үйлесуі тиіс. Көбінесе адамның салмағы су мен бұлшықет массасы арқылы төмендейді.

Диета ұстар алдында міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек. Өздігінен салмақ тастау – өте қауіпті.

Тамақтану барысында организмдегі ақуыз, май және көмірсу мөлшері тең болуы тиіс. Олай болмаған жағдайда, асқазан, ішек ауруларын тудыруы мүмкін.

Хабарламаларға жазылу