Шектен тыс тамақтану болашақ ұрпақ үшін қауіпті иммунды өзгерістерге алып келуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шектен тыс тамақтану болашақ ұрпақ үшін қауіпті иммунды өзгерістерге алып келуі мүмкін

27.08.2015
Шектен тыс тамақтану болашақ ұрпақ үшін қауіпті иммунды өзгерістерге алып келуі мүмкін

Мэриленд штатының Аллергия және жұқпалы аурулар ұлттық институтының профессоры Ян Майлс осындай байламға келген. Оның зерттеулері Nutrition Journal басылымында жарияланған.

Айталық түрлі фаст-фудтарға деген құштарлық қатерлі ісік ауруы мен, аллергияның туындауына алеп келіп, түрлі инфекциялармен зақымдайды. Бұл өзгерістердің барлығы адамның тұқымына әсер етеді.

Ғалымның осыған дейінгі жүргізген зертеулері асқазанның флорасы тамақтану өзгерістеріне бейімделетіндігін көрсеткен. Пицца, бургерлер мен балмұздақ сияқты тағамдарды шектен тыс көп пайдалану, болашақ ұрпақтың зақымдануына алып келуі мүмкін.

Майлстың  пікірінше, бұл қауіптен құтылудың ең тиімді жолы тамақты тек белгіленген тәртіппен ішу немесе қалыпты диета.

Бұл ретте профессор еттің май мен тағам құрамындағы майлардың арасында үлкен айырмашылық бар екендігін ескертеді. Өйткені оның біріншісі табиғи жаратылыс және ол денсаулыққа зиянын тигізбейді, ал екіншісі жасанды.

Хабарламаларға жазылу