«Таңшолпан». Фаст-фуд жеудің салдары туралы не білесіз? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Фаст-фуд жеудің салдары туралы не білесіз? (ВИДЕО)

29.05.2017

Жастардың көпшілігі фаст-фуд дайындайтын орындардан жиі тамақтанады. Түрлі қоспалар арқылы дәмді әрі тез әзірленетіндіктен мұндай тағамдар тәуелділікті туғызады. Осы орайда фаст-фудпен бірге берілетін газды сусынның да зиян екенін ескерген жөн.

Фаст-фуд тамғамдары өте қуатты. Адам пайдаланған сайын салмақ қосады.  Одан семіздік пайда болады. Семіздік әр түрлі ауруларға алып келуі мүмкін.

Дұрыс тамақтанбау асқазан жарасы мен ішек ауруларына шалдықтырады. Асқазан, ішек ауруларының әлем бойынша таралуы 8 пайызы асқазан жарасы, 70 пайызы гастрит.

Асқазан ауруын туғызатын – хеликабактер бактериясы. Бұл бактерия жеке гигиенаның талаптары сақталмаған жағдайда таралады. Ал, оны емдеу оның ауырсыну дәрежесіне байланысты. Егер асқазан жарасына уақытылы ем-дом жасамаса ол қатерлі ісікке шалдығады.

Хабарламаларға жазылу