«Classic» радиосы Ақтау қаласында да 103,3 FM жиілігінде хабар тарата бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Classic» радиосы Ақтау қаласында да 103,3 FM жиілігінде хабар тарата бастады

06.06.2015
«Classic» радиосы Ақтау қаласында да 103,3 FM жиілігінде хабар тарата бастады

Биыл «Classic» радиосының құрылғанына - 4 жыл. Қазақстандағы және Орта Азиядағы тұңғыш классикалық музыка радиосы - «Қазақстан» РТРК АҚ және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының  біріккен жобасы. 

«Classic» радиосы  2011 жылдың 6 маусымынан бастап 102,8 ҒМ жиілігінде Алматыдан хабар тарата бастады.  2013 жылдың 22 желтоқсанында радио Астана қаласында 102,7 FM жиілігінде эфирге шықты.    

«Classic» радиосының «Классикомания» бағдарламасы 2013 жылы Ұлыбритания астанасы Лондонда өткен халықаралық «AIBs Inspiring Creativity Awards» байқауында лауреат атанды. Сондай-ақ, «Fashion TV Awards» шарасында «Classic» радиосына «Сәннен шықпайтыны үшін» аталымында арнайы жүлде табысталды. Ал, «Жыл таңдауы - Жыл адамы» фестивалінде радио ұжымы «Алтын адам» сыйлығымен марапатталды.

«Classic» радиосында Қазақстанның Халық әртісі Жәния Әубәкірова («Культурная мозаика»), Олег Борецкий («Киноблюз») Зира Наурызбаева («Тылсым перне»), Ноэль Шаяхметов («Jazz Time»), Лиля Калаус («Классикомания»), Нұргүл Ертаева («Игра в бисер) сынды жүргізушілер қызмет етеді.

Айта кетейік, «Classic» радиосы Ақтау қаласында да 103,3 FM жиілігінде хабар тарата бастады.

Хабарламаларға жазылу