1 қыркүйекте паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді
1 қыркүйекте паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді. Бұл кімдерге қатысты болмақ? Жаңа құжаттың нақты талабы қандай? Төлқұжат неше күнде дайын болады? Тіпті қызмет көрсету уақыты да нақты құжатта көрсетілген. Яғни, әр адамға неше минуттың ішінде қызмет көрсетілуі тиіс? Осы сұрақтардың жауабын әріптесім Самал Қабышева рет-ретімен айтып береді.
Самал Қабышева, тілші:
1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген қазақстандықтар үшін паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді. Жаңа тәртіп шетелде оқитын студенттерге, еңбек шартымен жұмыс істейтіндерге, Қазақстаннан тыс жерде туған балаларға және олардың отбасы мүшелеріне қатысты. Сондай-ақ қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақындарына күтім жасайтындар да бар. Шетелде ұсталған, қамауда отырған немесе жазасын өтеп жатқан қазақстандықтар да осы тізімде. Ал төлқұжат қанша уақытта дайын болады? Егер консулдық қызметкерлерінің арнайы цифрлық жүйеге қолжетімділігі болса, құжат 40 жұмыс күні ішінде рәсімделеді. Ал жүйеге қосылмаған болса, мерзім 90 күнге дейін созылады. Балаларға да арнайы талап енгізіледі. 14 жасқа толмаған, төлқұжатты алғаш рет алатын және Жеке сәйкестендіру номері жоқ бала үшін консулдыққа ЖСН алуға өтініш береді. Ішкі істер министрлігі оны екі жұмыс күні ішінде қарап, нақты шешім береді немесе бас тартуы тиіс. Тағы бір маңызды талап - консулдықтағы қызмет көрсету уақыты. Құжат тапсыру үшін күту 30 минуттан, ал қызмет көрсету 10 минуттан аспауы керек. Заңға өзгерістерді Сыртқы істер министрлігі әзірледі. Құжат Эталондық бақылау банкінің сайтында жарияланған. Қысқасы, 1 қыркүйектен бастап шетелде тұратындарға паспорт алу тәртібі жаңарады. Яғни жаңа тәртіптің басты өзгерісі - төлқұжат алу мерзімі нақты белгіленіп, азаматтардың әр санатына жеке талаптар енгізіледі.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде Мұғалжар жылқысы көбейіп келеді
25.08.2026, 20:32
Жаңа жүйе оқушылар арасындағы келеңсіздікті анықтайды
25.08.2026, 20:18
Шымкентте жаңа өндірістің арқасында 13 мың жұмыс орны ашылады
25.08.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
25.08.2026, 20:15
Ресейде жанармай дағдарысының екінші толқыны басталды
25.08.2026, 20:14
Бүгіннен бастап электрлі самокат жүргізушілерге талап күшейді
25.08.2026, 20:12
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 28 трлн теңгеден асты
25.08.2026, 20:09
БҚО-да ауылдағы етікшінің сапалы өнімі жоғары сұранысқа ие
25.08.2026, 20:08