Басты Жаңалықтар Жаңа жүйе оқушылар арасындағы келеңсіздікті анықтайды

Жаңа жүйе оқушылар арасындағы келеңсіздікті анықтайды

Тараздық прокурорлар кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жасанды интеллект негізіндегі «Aimap Kids» жобасын іске асырмақ. Жаңа жүйе ақпараттық кеңістікті талдауға және келеңсіз жайттарды ерте анықтауға бағытталған.

Тың бағдарлама қаладағы 79 мектепті қамтитын болады. Қалалық прокуратура енді ағарту ошақтарында деструктивті контенттің таралуы мен теріс үгіт-насихат көздерін уақытылы анықтай аламыз дейді. Сондай-ақ жүйе интернеттегі оқушылардың ашық деректерінде депрессиялық жағдайлар, лудомания, сексуалдық ауытқулар мен суицидтік белгілер бар-жоғын талдайды. Пилоттық жобаны жыл соңына дейін іске асыру жоспарланған.


Бөлісу