«Махаббат шытырманы» фильмі – Ұлттық арнада - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Махаббат шытырманы» фильмі – Ұлттық арнада

06.06.2015
«Махаббат шытырманы» фильмі – Ұлттық арнада

Дарынды ақын Амит өткен махаббатын ұмытып, жаңа өмір бастауға шешім қабылдайды. Бұған Шобха атты ару себепкер. Алайда, Шобханың өмірінде қайғылы жағдай болған еді. Ол өзінің сүйіктісі әрі Амиттің ағасы Шекхардан айырылады.

Амит Шобханың өмірге деген қызығушылығын оятуға тырысқанымен, ол ісінен ештеңе шықпайды. Дегенмен, тағдыр араға уақыт салып, оларды қайта кездестіреді...

Шаши Капур, Амитабх Баччан,  Джая Бхадури ойнайтын «Махаббат шытырманы» мелодрамасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:40-та тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу