Астанада қазақстандық ІІ Су форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада қазақстандық ІІ Су форумы өтті

04.06.2015
Астанада қазақстандық ІІ Су форумы өтті

Бүгін Астанада өткен Су ресурстарын кешенді басқару саласындағы қазақстандық ІІ Су форумы шеңберінде су қауіпсіздігі, Қазақстанның гүлденуіндегі су ресурстарының дамуы, суды тиімді басқару және Қазақстандағы су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша тәжірибелік тетіктерді қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасындағы ЕҚЫҰ Елшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Сыртқы істер, Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрінің орынбасарлары, Үкімет өкілдері (Ұлттық экономика министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі) және өндіріс саласының өкілдері, шетелдік дипломатиялық миссия өкілдері, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен аймақтық және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, Германия Федеративтік Республикасының экс-Мемлекеттік хатшысы, Германия Бундестагының экс-депутаты, Неміс энергетика және су шаруашылығы Федералды одағының Басшысы Хильдегард Мюллер де қатысты.

Форумның ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақ-Неміс Университеті, Қазақстан Республикасындағы К.Аденауэр қоры өкілдігі және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы бағдарламалар офисі (ЕҚЫҰ). 

Хабарламаларға жазылу