Астанада «Менiң Қазақстаным - Менiң Астанам!» шарасы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Менiң Қазақстаным - Менiң Астанам!» шарасы өтуде

04.06.2015
Астанада «Менiң Қазақстаным - Менiң Астанам!» шарасы өтуде

Шара «Мәңгілік ел» салтанат қақпасынан автокеруенмен басталып, орталық көшелерде жалғасқан.

Шараға қатысқан эстрада жұлдыздары мен белгілі спортшылар эстафета ретінде Қазақстанның байрағын бір нысаннан екіншісіне көшіреді. Негізгі мерекелік шара орталық саябақта өтеді. Онда қатысушылар бірігіп, Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқайды.

«Қазақстандық патриотизмнің негізі Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясы болғандықтан, шара салтанат қақпасынан басталды. Автошеруге Қазақстанда құрастырылған көліктер қатыстырылды. Шара Есіл өзенінде жалғасады, үлкен концерттік бағдарлама жоспарланған», - деді Астана қаласы Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының директоры Бақытжан Жүнісбеков.

Айта кетейік, «Менiң Қазақстаным - Менiң Астанам!» патриоттық акциясы осымен төртінші рет өтуде.

Хабарламаларға жазылу