Павлодар облысында 45 жолаушысы бар автобус аударылды

03.06.2015
Павлодар облысында 45 жолаушысы бар автобус аударылды

Бұл туралы «Апаттық медицина орталығы» мекемесі Павлодар облыстық филиалы басшысының орынбасары, дәрігер Анатолий Морозовский хабарлады.

Маманның айтуынша, жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама таңғы 03:58-де сағатта түскен.

«Оқиға орнына Қалқаман жол-медициналық құтқару пунктінің мамандары дереу жетіп, жолаушыларға көмек көрсетті. Зардап шеккен 14 азаматтың екеуі – бала. Қазіргі таңда олардың денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде. Ауруханаға жатқызылғандар жоқ», - дейді А. Морозовский.

 

Фото: Pavlodarnews.kz

 

Хабарламаларға жазылу