Азаматтық неке абырой ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азаматтық неке абырой ма?

03.06.2015
Азаматтық неке абырой ма?

Кейінгі жылдары қоғам ішінде қызу пікірталасқа түсіп жүрген «азаматтық неке» мәселесіне байланысты екі түрлі көзқарас бар. Бірі қолдайды, бірі жат санайды.  Бұрын тек кинодан көретін азаматтық неке бойынша өмір сүру құбылысы бүгінде біздің елде де көрініс тапқан.

Заң жүзінде мүлдем қарастырылмаған азаматтық некені халық арасында «еркін махаббат» немесе «іс жүзіндегі неке» деп те атайды.

Мұндай неке мемлекеттiк органның тiркеуiнен де өтпейдi, әрi Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңында ол туралы ешқандай түсiнiктеме берiлмеген, сондықтан, заң өкiлдерi мұны «бейресми некелесу», деп қана атайды.

Жыл сайын азаматтық некеде тұратын жастар саны артып келе жатқаны нақтыланып отыр. Арулар үшін бұл үлкен абыройсыздық, дейді үлкендер. Тақырып турасында сарапшылар мен кейіпкерлер пікірін бүгін 15:00-де «Әйел бақытынан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу