Некенің беріктігі кімге байланысты?

05.09.2014
Некенің беріктігі кімге байланысты?

Қазақтың тойы ежелден көп. Өкінішке қарай, соңғы кездері шаңырақтың шайқалуы да көбейіп тұр. Мұның себебі – өмірлік жар таңдау, шаңырақ көтеру, отау құру сияқты аса жауапты мәселеге о баста жүрдім-бардым қарауда жатыр.

Ал жазушы Зейнеп Ахметова бұл жағдайды  «Қазір жастар арасында азаматтық неке деген бар. Сосын интернет арқылы таныса салады. Бұл – шаңырақтың шайқалуына алып келетін басты себептер», деп түсіндіреді.

Некенің беріктігі кімге байланысты? Бүгінгі қоғамдағы ажырасудың салдары неде? Бүгін 18.35-те «Иман айнасы» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу