Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ҰБТ тапсырып жатқан түлектерге сәттілік тіледі

02.06.2015
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов ҰБТ тапсырып жатқан түлектерге сәттілік тіледі

Бүгін Астанадағы тест тапсыру пунктерінің бірінде болған ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов  Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып жатқан түлектерге сәттілік тіледі.

«Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуге 80 мыңнан астам бала қатысатын болады. Биыл тест тапсыратын оқушылардың саны 70 пайыздан асады. Елде 165 ҰБТ пунктері бар. Олар толығымен дайын. Биыл біраз өзгерістер болды. ҰБТ мен аттестаттың жылдық орташа бағасын есептейтін боламыз. Сынақ нәтижелерін сайттан ЖСН арқылы білуге болады», - деді министр тілшілерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуына қарағанда, барлық ұйымдастыру жұмыстары толығымен дайын, ауылдық жерлерле қосымша 10 пункт ашылған.

Хабарламаларға жазылу