«Сіздермен бірге Арман Давлетьяров» хабары эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сіздермен бірге Арман Давлетьяров» хабары эфирге шығады

01.06.2015
«Сіздермен бірге Арман Давлетьяров» хабары эфирге шығады

«МузТВ» музыкалық телеарнасының басшысы Арман Давлетьяров Ресей сахнасының жарық жұлдыздарымен сұхбат құрады.

Сұхбат барысында тосыннан сұрақ қойылып, ресейлік әртістер Қазақстан, қазақ жері, қазақ халқы туралы ойларымен бөліседі.

«Сіздермен бірге Арман Давлетьяров» хабарының алғашқы қонағы – Филипп Киркоров болмақ.

Жүрекжарды сұхбатты Ұлттық арнадан дүйсенбі-жұма аралығында сағат 17:00-де тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу