Балаларды қорғау күніне орай «Арай» саябағында мерекелік шара өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларды қорғау күніне орай «Арай» саябағында мерекелік шара өтеді

30.05.2015
Балаларды қорғау күніне орай «Арай» саябағында мерекелік шара өтеді

 

1 маусым –  Балаларды қорғау күніне орай «Арай» саябағында сағат 11:00-де мерекелік шара өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

 «Қуыршақ» театрының әртістері дайындаған қойылымдар балалардың көңілдерін көтерсе, эстрада жұлдыздары Құрмаш Махан, Жаңабай Өтегенов және т.б. өнерпаздар балаларға әннен шашу шашпақ.

Шараның мақсаты - балаларды халық ертегілерімен таныстырып, ондағы кейіпкерлер арқылы адамгершілік, патриоттық, имандылық, эстетикалық тәрбие беру.

Ел арасында кеңінен таралған ертегілер балаларды ерлік пен елдіктің символы болып, әділдікке, шыншылдыққа, жақсылыққа, батырлыққа отансүйгіштікке, адал еңбек ете білуге баулиды.  Мерекелік шараны ұйымдастырушы - Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы.

Сонымен қатар,  1 маусым күні сағат 14:00-де «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Шара аясында флэшмоб ұйымдастырылып, танымдық ойындар ойнатылады.

Аталмыш шараны ұйымдастырушы - мектеп оқушыларынан құралған «Патриот» клубы.  

Хабарламаларға жазылу