Астанада Балаларды қорғау күніне орай «Көңілді старт» шарасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Балаларды қорғау күніне орай «Көңілді старт» шарасы өтеді

27.05.2015
Астанада Балаларды қорғау күніне орай «Көңілді старт» шарасы өтеді

29 мамырда сағат 11:00-де «Қазақстан» спорт сарайында «Көңілді старт-2015» спорттық шарасы өтеді.Спорттық мереке Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылмақ.

Шараға аула клубтарының 1000-нан астам тәрбиеленушісі қатысады. Олар «Сиқырлы таяқша», «Фитбол», «Кім жылдам?», «Көрінбейтін жол», «Егіз қояндар», «Көңілді ребус», «Кенгуру» «Жыл белгісі», «Кім тапқыр?», «Тарих толқынында» атты мәдени-спорттық сайыстарда күш сынасады.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріліп, арнайы димпломдармен марапатталады. Шара барысында тәтті сыйлықтар таратылады.

Сондай-ақ, аула клубтарының түрлі деңгейдегі (қалалық, республикалық, халықаралық) сайыстарда жүлделі орын иеленген тәрбиеленушілері де марапатталады.

Атап айтсақ, 2014 жылы халықаралық деңгейдегі жарыстарға (Германия, Болгария, Грекия) 24 бала қатысса, 2015 жылдың мамыр айына дейінгі аралықта 19 бала Жапония, Ресей, Германия елдерінде өткен жарыстардан олжалы оралған.

Еске сала кетейік, шара ұйымдастырушылары - Астана қаласының Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы.

astana.kz 

Хабарламаларға жазылу