Getty Images және Instagram фотографтарға грант ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Getty Images және Instagram фотографтарға грант ұсынады

30.05.2015
Getty Images және Instagram фотографтарға грант ұсынады

Getty Images және Instagram алғашқы «Getty Images Instagram Grant» байқауына қатысуға шақырады.

Жоба мақсаты – әлемдік медиа топтарға  танылмаған елдерді суретке түсіретін және Instagram желісінде оқиғаларды жариялап отыратын фотографтарды қолдау.

Байқау қорытындысы бойынша үш жеңімпаз анықталады. Олардың әрқайсысына 10 000 АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы беріледі. Сондай-ақ, Getty Images фотографтарынан кеңес алады.

Жеңімпаздардың жұмыстары қыркүйек айында Нью-Йоркте өтетін Photoville фотосурет фестиваліне қойылады.

Айта кетейік, қатысушылардың жұмыстары Instagram желісіндегі парақшаларда орналастырылған суреттер бойынша бағаланады. Суреттердің сапасымен қатар оқиға желісінің қызықты баяндалуына назар аударылады.

Өтініштер 4 маусымға дейін қабылданады, деп жазады ijnet.org.

 

ФОТО: marketplus.co.id

Хабарламаларға жазылу