Twitter жаңалықтар қызметінің іске қосылатынын хабарлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Twitter жаңалықтар қызметінің іске қосылатынын хабарлады

07.10.2015
Twitter жаңалықтар қызметінің іске қосылатынын хабарлады

Twitter компаниясы жаңалықтар қызметіне арналған жаңа «Moments» функциясының іске қосылғанын хабарлады, деп жазады russian.rt.com.

Қызмет «найзағай» белгісіндегі бастырма арқылы іске қосылады. Онда Twitter-де жазылған маңызды, танымал тақырыптар шығарылып отырады. Маңызды әлем жаңалықтары, ірі мәдени шаралар ақпараттары күні бойы жаңарып отырмақ.

Контентке мақалаларды Twitter компаниясының ішкі команда редакторлары таңдап, орналастырады. Bleacher Report, BuzzFeed, Entertainment Weekly, Fox News, Getty Images, Mashable, MLB, NASA, The New York Times, Vogue и Washington Post сынды медиа-компаниялармен әріптестік орнатылған.

Хабарламаларға жазылу