1930 жылдары Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1930 жылдары Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген

30.05.2015
1930 жылдары Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген

Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап аталып өтеді.  

Тәуелсіз Қазақстанда алғашқы қабылданған Заңдардың бірі - 1993 жылғы 14-сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңы.

1930 жылдары Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Ашаршылық нәубетінен ажал құшқандары қаншама...

Тарихқа үңілсек, ашаршылық қазақ даласында 1929 жылы бірінші рет болып, 1932 жылы қайталанған. Бірінші ашаршылықта бірнеше миллион халық қырылған болса, екіншісінде одан да көп адам қайтыс болды. Ал, қырылғаннан қалғандары жан сақтау мақсатында басқа елдерге босып, тозып кетті.

Жалпы, 1930-1953 жылдары аралығында қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан.

Ал, Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ бойы немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да этнос өкілдері қоныс аударып келді.

Халықтың тең жартысына жуығын жалмаған бұл жылдар көрген қорлық, шеккен бейнет пен құрбандарының көптігі жағынан атышулы «Ақтабан  шұбырындыдан» асып түскен апат, деп бағаланды. 

Қанқұйлы жылдардың оқиғасын ұмытпай, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну - бүгінгі ұрпақтың парызы.

Атаулы күнге орай жылдағы дәстүр бойынша биыл да 31 мамыр күні Ақмол кентінде орналасқан «АЛЖИР» мұражайында құрбандарды еске алу шарасы өтеді.  

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу