31-мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

31-мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31.05.2018

Бүгін -  Қазақстан тарихында айрықша күн, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап аталып өтеді. Бір ғана Қазақстанның өзінде сол жылдары 103 мыңнан астам адам тұтқындалып, оның 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Қазақ зиялыларының беткеұстар өкілдерінің, республика басшылығының түгелге жуығы жойылды. «Халық жауларын» анықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген сол кездердегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да жапа шекті. Бүгін елімізде түрлі жиындар мен маңызды шаралар ұйымдастырылып,  тарихи күннің мән-маңызы түсіндіріледі.

Хабарламаларға жазылу