«ҚарЛаг: болашақ үшін есте сақтау» ғылыми жобасының кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚарЛаг: болашақ үшін есте сақтау» ғылыми жобасының кітабы жарық көрді

29.05.2015
«ҚарЛаг: болашақ үшін есте сақтау» ғылыми жобасының кітабы жарық көрді

Ғылыми-зерттеу еңбекте КСРО ІІМ Лагерьлер бас басқармасының кезінде Ресей аумағында ұйымдастырылған ерекше лагерьлер (№1 Минеральный, №2 Горный, №3 Дубравный және №5 Береговой) тарихының проблемалары, басым көпшілігі ғылыми айналымға алғаш рет еніп отырған ауқымды құжаттық материалдар негізінде байыпталып, мәселенің осыған дейін аз зерттелген тұстары қарастырылған.

Тұтқындардың саны мен құрамы, лагерьдегі өмірі, оларға көрсетілген медициналық қызмет сапасы, ауру түрлері мен өлім-жітім, еңбекке пайдалану сипаты мен ауқымы, сонымен бірге лагерь жеке құрамының жұмыс сипаты барынша жан-жақты талданған.

Жоба жетекшісі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Дулатбеков.

Жоба аясында осы күнге дейін жиырмадан астам кітап жарық көрген.

Хабарламаларға жазылу