ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Гүлмира Сарина туған өлкесі Семей өңірінде бірнеше кеш өткізбекші.
Алғашқы концерт 29 мамыр күні, сағат 18.00-де Семей қаласындағы Мәдениет сарайында өтеді.
Сол сияқты ән кеші 30 мамыр күні Курчатов қаласында, 1 маусымда Аягөз қаласында, 8 маусым күні Абай ауданында Қарауыл мәдениет үйінде жалғасын таппақ.
Әншінің репертуарында мыңға жуық ән бар. Ол туған жерге арналған Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Аягөз ару», Қалқаман Саринның сөзіне жазылған «Шығысым – шырайлы елім», Жұлдызай Ысқақтың сөзіне жазылған «Ән-Семей» атты әндердің орындаушысы.
Айта кетсек, өнер иесі өткен жылдың қазан айында елордада «Ән-домбыра - жан серігім жасымнан» атты жеке концертін өткізген.